Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Любимцы публики» мектеп театрының мерекелік театрландырылған қойылымы ұйымдастырылды. Іс-шара аналарға, әжелерге және ұстаздарға арналған шығармашылық тарту ретінде ұсынылып, жас әртістер көрермендерге әсерлі өнер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қойылымға қатысушылардың актерлік шеберлігі, биі мен әні көпшіліктің ерекше ықыласына бөленіп, мерекелік кеш барша жанға жылы әсер қалдырды.