Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейі мектеп кітапханасында көркем әдебиет онкүндігінің жабылуына арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараға 2 «В» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық көкжиегін кеңейту және көркем әдебиетке сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Кездесу барысында балалар сүйікті шығармаларынан үзінділер оқып, оқыған кітаптары мен кейіпкерлерін талқылап, өз әсерлерімен бөлісті.
Іс-шара достық әрі белсенді атмосферада өтті. Оқушылар кітапқа деген қызығушылықтарын танытып, талқылаулар мен ойындарға белсенді қатысып, көркем әдебиет бойынша жақсы білімдерін көрсетті.
Іс-шараны кітапханашы Альжанова Б.Т. дайындап, өткізді.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@d_syndar