“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Анаға арнау» атты хор челленджі ұйымдастырылды. Мерекелік шараның мақсаты – аналардың қадірін ұғындыру, олардың шексіз мейірімі мен еңбегіне құрмет көрсету. Оқушылар жүрекжарды әндер орындап, аналарға деген ыстық ықыласын білдірді.