2026 жылғы 21 ақпан
күні Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 9–11-сынып оқушылары мен Әкелер кеңесінің қатысуымен «100 мектеп, балабақша – 4000 әке» челленджі өткізілді.
Іс-шара барысында әкелер ерікті түрде балаларымен бірге мектеп ауласын қардан тазалап, ортақ іске белсене атсалысты. Челлендждің негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға баулу және әке мен бала арасындағы өзара сыйластықты нығайту.
#100 мектеп, балабақша4000 әке#Таза Қазақстан#Астана2026