16 ақпанда мектебімізде қазақ поэзиясының мұзбалағы — Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық кеш өтті.
Кеш барысында оқушылар ақынның жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқып, сырлы да мұңды әндерін әуелете орындады. Мұқағали поэзиясы арқылы оқушылар туған жерге, Отанға, анаға деген шексіз махаббатты сезініп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Бұл кеш – өлеңді сүйетін жүректердің басын қосқан, рухани кеш болды.