2026 жылғы 16 ақпанда Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің 9–11 сынып оқушыларына интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Жетісу облысы прокуратурасы түсірген «Дроп» қысқаметражды деректі фильмі көрсетілді.
Фильм арқылы оқушыларға интернет-алаяқтықтың зардаптары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.