20 ақпан 2026 жылы Т.Бигелдинов атындағы @sh_1_astana_ №1 мектеп-лицейі базасында «AR/VR технологияларын көркем еңбек сабақтарында қолдану мүмкіндіктері» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Іс-шара Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.
Семинардың мақсаты – AR/VR технологияларын көркем еңбек пәніне тиімді кіріктіру жолдарын талқылау, педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибені тарату.
Семинар барысында авторлық жобалар таныстырылып, 3D модельдеу, STEAM, жасанды интеллект, виртуалды шеберханалар, робототехника бағыттары бойынша тәжірибелер көрсетілді. Сонымен қатар, интерактивті шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, сәндік-қолданбалы өнер және қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.
Іс-шара көркем еңбек пәнін оқытуда заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдануға бағытталған маңызды кәсіби алаңға айналды.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@d_syndar