Skip to content

«Ертегілер елінде»

“Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейі кітапханасында 2 «Е» сынып оқушыларының қатысуымен «Ертегілер елінде» атты танымдық іс-шара өтті.
Шара барысында қазақ халық ертегілерінің сүйікті кейіпкері – Алдар көсе қонаққа келіп, оқушылармен қызықты сұхбат құрды. Балалар ертегілер оқып, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдап, рухани құндылықтар туралы өз ойларымен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиеті арқылы тәрбие беру.