Skip to content

“Нашақорлыққа жол жоқ”

2025 жылдың 26 желтоқсанында биология ғылымдарының кандидаты, докторы Алпысбаева Жаннат Төлендинқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ Жастар ресурстық орталығының маманы, Т.Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицей ұжымымен “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында ол нашақорлықтың зияны, оның салдары, сондай-ақ балаларды зиянды әдеттерден қалай қорғау керек екені туралы толық ақпарат берді. Ата-аналар мен педагогтар үшін маңызды ұсыныстар айтылып, есірткіге қарсы күресте қоғамның рөлі ерекше аталып өтті.