Skip to content

Жаңа Конституция: ауқымды трансформация

Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы азаматтармен, сарапшылармен және қоғамдық ұйымдармен алты айға созылған ашық диалогтан кейін әзірленді. e-Otinish және eGov платформалары арқылы 2 мыңнан астам ұсыныс ескерілді. Жүргізілген жұмыс өзгерістердің жекелеген баптарға ғана емес, бүкіл жүйеге қатысты екенін көрсетті, бұл Негізгі заңның жаңа редакциясын дайындауға негіз болды.