«Тәрбие және жауапкершілік» тақырыбындағы ашық диалог
28 қаңтар күні ер балаларды тәрбиелеу мәселесіне арналған «Тәрбие және жауапкершілік» тақырыбында ашық диалог өтті.
Іс-шараға 5–7 сынып оқушыларының әкелері қонақ ретінде шақырылды, сондай-ақ әкелер клубының мүшелері мен Қазақстан Скаут Қозғалысы ұйымының президенті — Катенов И.З. қатысты.
Кездесу барысында қонақ ер балалар тәрбиесі, әкенің рөлі және жауапкершілік туралы өз тәжірибесімен бөлісті.
Ашық диалогта ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық, ұл балалардың тұлғалық дамуы мен тәртібін қалыптастыру мәселелері талқыланды.