Skip to content

«Заң мен тәртіп»

Мектебімізде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының негізгі мақсаты – оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.

Сабақ барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың түрлері, оның салдары және жасөспірімдерге жүктелетін жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, тәртіп сақтау, мектеп ережелерін орындау және қоғамда өзін дұрыс ұстау мәселелері кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ, кибербуллинг тақырыбында түсіндірме әңгіме жүргізіліп, оның түрлері, зияны және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық ережелері айтылды.

Бірыңғай сынып сағаттары оқушыларға заңды құрметтеу, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау керектігін ұғындыруға үлкен ықпал етті және тәрбиелік мәні зор болды.

#адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#заң_мен_тәртіп_астана_2026