Skip to content

flash-игры “Yellow-yellow-blue

Ағылшын тілі онкүндігі аясында 21.01.2026 күні сабақтар ойынға негізделген интерактивті форматта өткізілді. Flash “Yellow-yellow-blue” ойыны арқылы оқушылар «Түстер» тақырыбы бойынша лексиканы бекітіп, тыңдалым дағдыларын, зейін мен тез реакцияны дамытуға мүмкіндік алды. Wordsbuilding ойыны жұптық жұмыс арқылы сөздік қорды кеңейтіп, ойлау жылдамдығы мен өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастырды, ал уақытқа бағытталған формат оқушылардың мотивациясын арттырды. Look and Write тапсырмасы барысында оқушылар сурет пен сөзді сәйкестендіріп, заттардың атауын дұрыс жазу арқылы орфографиялық сауаттылық пен мұқияттылықты жетілдірді. Сабақтар оқушылардың белсенді қатысуымен, қызықты әрі нәтижелі өтті. Мұғалім: Усенова С.Ж.