Skip to content

«Заң – балалардың көзімен»

Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Заң – балалардың көзімен» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру. Шара барысында оқушылар өз ойларын шығармашылық тұрғыда еркін жеткізе білді.