2026 жылғы 30 қаңтар күні мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Жауапкершілік – табыстың негізі» тақырыбында мектепішілік конференция өтті. Конференцияға 8–11 сынып оқушыларының ата-аналары мен оқушылар белсенді қатысып, өз баяндамаларын ұсынып, жауапкершілік, тәртіп және табысқа жету жолдары туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Шара барысында ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Конференцияның ашылу барысында мектеп директоры Рысмухамбетова М.Д. қатысушыларды өзінің нақты кейсімен таныстырып, алдағы уақытта жұмыстың қандай бағытта жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар Самылтарова С.А. ата-аналар мен оқушыларға арналған интерактивті тренинг өткізіп, отбасылық жауапкершілік пен баланың жеке дамуы мәселелеріне тоқталды. Конференция мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтті.