5 желтоқсан күні педагог-психологтар сынып жетекшілерімен бірлесе отырып бастауыш сынып ата-аналарына арналған «Бала қауіпсіздігі және зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді.
Жиналыстың мақсаты — ата-аналардың зорлық-зомбылық түрлері мен балаға қауіп төнген жағдайда оны қорғау жолдары туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ отбасында қауіпсіз әрі қолдаушы атмосфера қалыптастырудың маңызын түсіндіру.
Жиналыс ашық диалог форматында өтті — ата-аналар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойды.